#Меркі ауданы: Дін мен дәстүр насихатталды

#Меркі ауданы: Дін мен дәстүр насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақтың қанына сіңіп, ықылым заманнан адамзат өмірінің ажырамас қасиетіне айналған салт-дәстүр - ұлттың рухани байлығы, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын әлеуметтік және мәдени мұрасы.

Меркі ауданы, Сұрат ауылдық «Сұрат» мешітінің имамы Азамат Оразқұлұлы мешітке жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз айтты.

Азамат Оразқұлұлы: «Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілген. Кейбірі хақ діннің негізінде пайда болған. Салт-дәстүрлер заманына қарай өзгереді. Мысалы, қазақ жерінде кезінде ғұмыр кешкен тайпалардың салт-дәстүрлері бөлек болғаны анық. Ал сол халықтардың жалғасы болып саналатын қазақ халқының нанымы мен танымы, салт-санасы Ислам дінімен бірге қабыса дамыды.

Ислам діні – ұлы дала халқының таза рухани болмысымен үндесіп, адамзатқа нұр шашқан тұлғалар мен ғалымдардың шығуына негіз болды. Қазақ даласына исламның дәнегі егілгеннен бастап, даналар мен дара тұлғалар жақсылық­тың жаршысына айналды. Елдің жадында қалған қай тұлғаны алсақ та дін мен дәстүрін насихаттап өткен. Текті бабаларымыз Аллаға деген сеніміне сызат түсірмеді. Мұ­сыл­­маншылықты бекем ұс­танд­ы. Ғибратты ғұмыр кеше біл­ді. Алланың берген ақылы мен та­лантын исламды насихаттауға сарп еткен. Олардан қалған білім мен тәрбие ауыз әдебиеті, яғни жыр, айтыс, дастандар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Біз төл тарихымызды зерделей отырып, ислам­ның ұлттық болмы­сымыз бен қазақ халқының ел болып қалып­тасуына зор үлес қосқанын көреміз.

Жас ұрпақтың санасына білім нәрімен бірге ұлттық құндылық - дәстүрді құрметтеу арқылы имандылықтың дәнегін егеміз. Белгілі бір ұлттың адамзат өркениетінің ортақ өрісіне шығып, дамып жетілуі де, құлдырап төмен кетуі де осы ұлт дәстүрінің сақталуы мен бұзылуына байланысты. Дәстүр бұзылған жерде халықтың халықтығы бұзылады. Ал бұған керісінше, қалыптасқан дәстүрі бұзылмаған елдер халықтық қалпына селкеу түсірмей, өзіндік өмір сүру заңдылықтарын сақтай отырып, ел көшін заман талабына сай жетілдіре дамытып, алға ілгерілей береді. Мұндай елдің іргесі берік, мәртебесі биік болмақ!», - деп, сөзін аяқтады.

Кездесу соңында жамағат көкейлерінде жүрген салт-дәстүрлерімізге қатысты сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.

Алла Тағала елімізге, жері­міз­ге берекетін жаудырып, қазақ топы­рағын түрлі апаттар мен бүлік­тен сақтағай! Тәуел­сізді­гі­міз­дің тұғыры биік, еліміздің егемендігі баянды болғай! Әумин!

Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: