#Сарысу: Адал ас және арлы ұрпақ

#Сарысу: Адал ас және арлы ұрпақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу  аудандық орталық мешітінің  мешіт қызметкерлері мен  діни сауат ашу курсының  белсенді шәкірттерінің  ұйытқы  болуымен әйел-қыздар жамағатына  "Адал ас және арлы ұрпақ " атты тақырыпта рухани семинар өткізілді.

Семинарда  адал астың қаншалықты  мұсылмандар  үшін маңызды  екендігін  Құран аяттары  мен  хадистерде  айтылғандай  жалпақ тілмен  жамағатқа түсіндірілді. 

Қазіргі  таңдағы дүкен сөрелеріндегі тамақтардың  адал  немесе  адал емес  екенін  ажырата  алу  үшін  арнайы слайдтар мен суреттер   интерктивті  тақта арқылы көрсетілді. Сауат ашу курсының  белсенді шәкірті  Сайлауқызы Жанар  шәкіртіміз  ҚМДБ  белгісі, Халал белгілері, харам, халал, күмәнді  қоспалар жайлы  жамағатқа  барыншатүсіндіріп беруге тырысты. Семинар барысында  тамақтардың, үй шаруашылығына  қажетті  заттардың  құрамына аса мән  берілуі  керек екендігі , ішіп жатқан асымыздың    рухани жан дүниемізге, иманымызға, намаз бен дұғамызға  көп әсер ететіндігі туралы баса айтылды.

  ҚМДБ Халал дамудың осы адал ас тақырыбында мұсылмандарға  көп пайдасы  тиіп жатқандығы, Халал даму сертефикаттаған  өнімдерді  қорықпай тұтынуға  болатындығы туралы кеңес берілді. Семинарды  қорытындылай  келе әйел кісілер тамақты дайындауға  жауапты болған  соң  құрамына  мән беру  керек екендігі айтылды. Адал ас таңдау  үшін ҚМДБ Халал даму  арнайы әзірлеген  Е қоспалары туралы кестеден тамақтың  құрамының харам, Халал, күмәнді  қоспаларды ажыратып  өмірімізді  жеңілдетуге  болатындығы  жөнінде  айтылды.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: