Қордай ауданында Ауған соғысында қаза болған боздақтардың рухына құрмет көрсетілді.
Ресми шараға Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы барып қатысты. Орталық алаңда гүл шоқтары қойылып, мемлекеттік әнұран айтылды.
Марқұмдарға дұға жасалып, көпшілік Алладан рахым мен шапағат, мейірім төгуін сұрады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі