#Жамбыл: Аудандағы Ауған ардагерлерімен кездесу

#Жамбыл: Аудандағы Ауған ардагерлерімен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы әкімділігінің кіші залында арнайы Ауған соғысы ардагерлеріне арнап келелі кездесу болып өтті. Кездесуге аудан әкімі Сәкен Арубаев пен ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қатысқан болатын.

Аудан әкімшілігі аудандағы ауған ардагерлеріне арнап алғыс хат табыс етті. Айтулы кездесуде сөз болған басты тақырып, елдің тыныштығы мен ынтымақтастығы жайында болды. Қай мемлекеттің болсын айбарын аспандатып, халықтың тыныштығын қор­ғау­да елдің ішкі қауіпсіздігі маңызды рөл атқарады.

Азаматтардың құқық­тары жоғары деңгейде қорғалып, кез келген ірілі-ұсақты құқық бұзушылыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізіліп, темірдей тәртіп сақталған жерде ғана мемлекет экономикасының абыройы артып, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басатыны анық.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: