KFC мұсылмандарға майлық бермей қойды

KFC мұсылмандарға майлық бермей қойды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Kentucky Fried Chicken филиалы мұсылман тұтынушыларына құрамында  спирті бар майлық беруден бас тартты. Олардың бұндай қадамға баруына құрамында спирті бар майлықтар мұсылмандардың намысына тиюі мүмкін деген шешім түрткі болған.

Бұл түсінбестік Ұлыбританияның Лестер қаласындағы KFC тамақтану орталығында орын алған.  Даяшылар құрамында спирті бар майлықтар шариғат қағидарларына қарсы келеді деген оймен мұсылман тұтынушыларға таратпаған. Ал, құрамында лимон шырыны сіңдірілген майлықтарға тапсырыс берілгенімен, дер кезінде жетіп үлгермеген.

Компания өздерінің бұл істері үшін тұтынушыларынан кешірім сұрап, майлық тарату жұмыстарының жолға қойылғанын мәлімдеді. Аталмыш оқиға жайында Оксфорд Ислам ақпараттық орталығының директор шейх Ховжат Рамзи олардың түймедейді түйедей етіп отырғанын айтады. Оның айтуынша, ғасырлар бойы мұсылмандар медициан және гигиена саласында спирт қолданып келгені белгілі.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: