Бас мүфти дәрісі: діндарлар жігерленіп қалды (ФОТО)

Бас мүфти дәрісі: діндарлар жігерленіп қалды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам инстутында дін қызметкерлеріне дәстүрлі дәрісін жүргізді.

«Құрметті әріптес имамдар! Қазір біз дамыған жаңа дәуірде өмір сүріп отырмыз. Діни іліммен шектелуге болмайды. Дүнияуи білдімдерді де меңгеруіміз тиіс. Имам қоғамның тәрбиешісі болған соң, біз бойымызға ізгілік пен әдептілікті, көркем мінезді жинақтауымыз тиіс. Өйткені, адамдар имамдарға қарап түзеледі», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Институт директоры Кенжеәлі қажы Мырзабай Бас мүфтидің дәрісі діндарларды жігерлендіріп, қызметке қанаттандырып отыратынын айтады. «Мүфти-хазретіміздің сабағынан имам-молдаларымыз жақсы тағылым алуда. Имамдардың діннің ішкі терең мәселелері жайлы сұрақ қойып, Бас мүфтимен емін-еркін пікір алмасып келе жатқаны Діни басқарманың білімге, дін қызметкерлерінің біліктілігіне ден қойып жатқанының көрінісі», – дейді К.Мырзабай.

Ал осы діни мекемеде дәріс тыңдап жүрген Шымкент қаласынан келген имам Нұржан Мұсабеков: «Бас мүфтидің сабағына қатысам деген ой келмепті. Ашық пікір алмасу болды. Дәрістен көп мағлұмат алдым», – деген пікірін білдірді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ислам институтында 56 имам 2 айлық курстан өтуде. Білімдері арнайы тест жүйесімен сыналады. Курс соңында салтанатты рәсіммен диплом табысталады.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: