Жамбыл облысы орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде Нұргүл Әлиханқызының бастамасымен қыз-келіншектерден құралған “Асар” еріктілер тобы құрылды.
"Бұл біз үшін өте қуанышты жағдай, себебі еріктілер қоғамда түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, Алла ұнатқан амалдарды жамыла орындай алады" - дейді ұйымдастырушы ұстаз.
Еріктілер тобы алғашқы іс-шараларын өздерінің ыстық, жылы мекеніне айналған мешіттен бастауды ұйғарды. Олар әйелдер намазханасы, дәріс бөлмелері және әйелдер дәретханасын толық тазалап, Алланың үйіне осылайшы құрмет көрсетті.
Алда еріктілер тобы ауқымды, қоғамға пайдасы тиер үлкен іс-шараларды атқаруды жоспарлап отыр.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі


10 Ноябрь 2025
19 Джумада-авваль 1447

