#Қордай: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жүргізілуде

#Қордай: Жат ағымның алдын алу жұмыстары жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қоғамда түрлі дінге кереғар ағымдар бар. Балаңызды осы ағымның жетегінде кете ме деп уайымдайтыныңыз, қорқатыныңыз рас-ақ. Ал ол үшін не істеу керек?

Дәл осы мәселені Қордай ауданы Әлжан ана мәдениет үйінде ауыл имамы Саламат Аманбаев жіліктеп берді.

Шараға  ата-аналар мен мектеп оқушылары қатысты. Имам жат ағымның дәстүрлі діннен өзгешеліктерін, адасқан тұстарын түсіндіріп берді. Сонымен қатар діни дұрыс сауаттылықтың қазіргі уақыттан керектігін тілге тиек етті. Өйткені діни сауатты адам ешқашан теріс ағымға еріп кетпейді. Білім иммунитет ретінде қызмет ететінін жеткізіп, профилактикалық жұмыстар жасады. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: