Айдахо штатының (АҚШ) мемлекеттік университетінің мұсылман студенттері жергілікті саудиялық диаспора қолдауымен жүргізіліп жатқан мешіт құрылысының тезірек аяқталуына ниеттестік білдіріп, дұға қылды.
Бұрындары мексикандық мейрамхана болған ғимарат жобасын құрылысшылар толығымен қайта жоспарлап, құрылысын жұмыстарын жүргізуде. Құбыр жүйесі мен ғимарат шатырын түгелдей қайта ауыстыруға тура келгендіктен, құлшылық ордасы Құрбан айты мейрамына дейін ашылып үлгермеуі мүмкін.
«Дегенмен, құрылысы жұмыстары аяқталысымен, біз жұртшылыққа арнап ашық есік күнін өткіземіз», – дейді Шығыс Айдахоның Ислам жамағаты ұйымының бас хатшысы Дэниэл Хуммель.
muslim.kz