Сауд Арабиясы Қырғызстан мемлекетінен 4 гектар жер телімін сұрап отыр. Аталған жерге Сауд Арабиясы Ислам орталығын тұрғызуды жоспарлап отырған көрінеді. Бұл жайында саудиялық елші Абдурахман бин Саид әл-Жұма АКИпресс агентігіне берген сұхбатында атап өтті.
«Сауд Арабия елшілігіне мешіт, мектеп, муниципальды мекемелер тұрғызу туралы өтініштер көптеп келеді. Алайда, аталған ғимараттардың барлығы да Қырғызстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігі мен басқа құзіретті органдардың ережелеріне сай келмейді. Сауд арабиясының Сыртқы Істер министрі орынбасарының іссапары кезіндеИслам Орталығын тұрғызу туралы келісімге қол жеткізілген болатын. біз жер телімін беруді сұрадық. Барлық қаржы мәселесін өзіміз шешетін болғанмен, жобаға екі жақты жетекшілік ететін боламыз. Жоба бойынша, орталық құрамы мешіт және мектеп, спорт және конференция залдары, тағы да басқа кешендерді біріктіретін болады», – саудиялық елші.
muslim.kz