#Жамбыл: Исламдағы иглік жайлы уағыз жүргізілді

#Жамбыл: Исламдағы иглік жайлы уағыз жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансар шам намазына келген мешіт жамағатына «исламдағы игілік» турасында кеңінен уағыз айтты.

"Әрине, Жаратушының бізге берген нығметтері мен игіліктері көп. Сонын бірі туысқандық қарым-қатынас. Алла Тағаланың осы дүниеде адам баласына берген сыйлықтарының бірі- бұл ағайын-туыстары. Жылағанда жұбататын, қиналғанда арқа сүйерің, қуанғанда қуанышыңды бөлісетін, өкпелесек назыңды көтеріп қателігімізді кешіре білетін тек ағайын-туыстарымыз  ғана. Адамдардың барлығы ағайын-туыстай бола бермейтіні шындық.  Туыстық қарым-қатынасты халқымыз қашанда жоғары қойған. Әйгілі ағартушы, ғалымы Ыбырай Алтынсарин атамыз бір еңбегінде: «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады». Сондықтан да бала тәрбиесінде туыс-туғандарға деген мейрімділік, жанашырлық көрсетіп тәрбиелеу басты міндет" - дейді имам. 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: