#Жамбыл: Діндегі радикалды бағыттар және олардың қаупі түсіндірілді

#Жамбыл: Діндегі радикалды бағыттар және олардың қаупі түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы әкімшілігінде ауыл имамы Естеков Сәбиттің қатысуымен «діндегі радикалды бағыттар және олардың қаупі» деген тақырыпта уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді.

Аталған шарада ауыл имамы ауыл тұрғындарына діндегі жаңсақ пікірлі топтардан аулақ болу керектігін айтып, мейлінше әлеуметтік желідегі желдей ескен жаңсақ пікірлі парақшалардан аулақ болуды өтінді. Ауыл имамы тұрғындарға тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына ресми тіркелген  сайттардан немесе әлеуметтік желідегі парақшаларда айтылған, таратылған жаңалықтар мен уағыз-насихаттарға құлақ асуға шақырды.                             

Дін атын жамылып, арам пиғылдарын іске асырмақ болып жатқан экстремистер мен лаңкестерге қарсы тұру – баршамыздың ортақ міндетіміз, әрі мүддеміз. Бұл міндетті іске асыруда дін көшбасшылары мен мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері, жалпы ұлт болып, халық болып бір сапта, бір шепте тұрып, біріге күрес жүргізуіміз ләзім. Егер біз лаңкестердің лас әрекеттерінен тазарған әлемді көргіміз келетін болса, біздің күш-жігерімізді дәл осы мақсатта шоғырландыруға тиіспіз.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: