АҚШ-тың Бьют қаласындағы католиктер шіркеуінде ислам діні жайында ағартушылық шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш курс алты дәрістен тұрады. Шіркеу жамағаты дінтанушы ғалым, Джорджтаун университетінің халықаралық қатынастар профессоры, ислам діні жөніндегі сарапшы Джон Эспозитоның дәрісін видео арқылы тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Әулие Анна шіркеуінің қызметкері Мэри Джо Макдональдтың айтуынша, мұндай шаралар дінаралық татулыққа бастап, наным-сенімі өзге тұрғындардың ислам діні жайында көбірек білуіне мүмкіндік береді.

- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 4040
Католиктер шіркеуде ислам жайында дәріс өткізді
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.


02 Сәуір 2026
14 Шавваль 1447