Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІІІ отырысы басталды

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІІІ отырысы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері бас қосып, елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен 11 жыл бұрын қолға алынған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің тақырыптары мен қамтитын мәселелерін ортаға салды. Жиын әдеттегідей жиылған әлем дінбасыларының ризашылық сөзімен басталып, бұған дейінгі төрт съездің көтерген мәселелерін екшеді.

Лидерлер сөзіне жүгінсек, әлемнің діни көшбасшыларының дәстүрлі кездесуі – адамзат алдында тұрған мәселелерді көтеруімен және бұған дейін ешбір ел бастарын қоса алмаған әртүрлі дін көшбасшылары арасында диалог орната алуымен айрықшаланады. Жиын модераторы А. Әбуов бұл жолғы отырыс қонақтарын таныстыра келе, хатшылық жаңа мүшелермен толықты деп түйіндесе, алғашқылардың бірі боп сөз тізгінін алған ҚР Сыртқы істер вице-министрі Е.  Ашықбаев съездің маңызы мен бүгінгі отырыстың көтеріп отырған жүгін айшықтап берді. Ал Мәдениет және спорт вице-министрі М. Әзілханов қатысушыларға шынайы алғыс білдіріп, Дін лидерлері бас қосқан съездің артықшылықтарын алға тартты. Осыдан кейін қонақтар бірінен кейін бірі сөз алып, осы уақытқа дейін съезд тарапынан көтерілген мәселелердің нәтижесін ортаға салып, Қазақстанның адамзатқа маңызды идеяларды тудыруда бастамашы болып келе жатқанына ілтипат білдірді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта отырыс қатысушыларының күн тәртібінде V съезд тақырыбы және айтулы шараның өтетін орны мен уақытын анықтау мәселелері тұр. Ұсынылған екі тақырып төңірегінде қызу пікірталас тудырған әлемдік дін көшбасшылары «Діндер диалогы мен өзара түсіністігі: Қақтығыссыз болашақ жөнінде» және «Діни және саяси лидерлер диалогы: Бейбітшілік пен даму жолында» тақырыптарының қайсысы V съезге тұздық боларын анықтауда. Хатшылық өкілдері мұнан бөлек, V съездің сессиялық отырыстарының тақырыптарын да ортаға салуда. Алдағы уақытта хатшылық отырысының шешімдерімен таныстыратын боламыз.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: