Мекке қаласының губернаторы және Орталық қажы комитетінің басшысы Машалл Бин Абдалла дүйсенбі күні Жидда қаласындағы король Абдулазиз атындағы әуежайға келіп, қауіпсіздік және қонақжайлылық шараларын пысықтап қайтты.
Ханзада әуежайдың барлық тексеру орындары мен алаңқайларды аралап көріп, ұшу алаңына дейін тексеріп көрді. Ханзада жүрген жерінде ұшып келіп жатқан қажыларға қонақжайлылық танытып, сыйлық үлестірді.
Ханзада қонақтардың ел аумағына табаны тиген сәттен бастап, Отандарына оралғанға дейінгі аралықта барлық жайлылық пен жақсылықты сезінулері керектігін кесіп айтты.
muslim.kz