Камерундық команда түгелімен Ислам дінін қабылдады

Камерундық команда түгелімен Ислам дінін қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Камерундық футбол командасының ойыншылары мен жаттықтырушысы және командадағы діни қызметкер әйел Ислам дінін қабылдады.  Аталмыш айтулы оқиға Дубайда өткен даярлық  жаттығулар барысында орын алған.

Дубай әмірлігінің Ислам істері мен қайырымдылық департаментінде кәлимаға тілдерін келтірген аталмыш 23 кісінің мұндай шешім қабылдауына Ислам дінінің бейбітшілік пен тыныштыққа негізделуі және жергілікті халықтың мейіріміділігі мен қонақжайлығы себеп болған.  

«Шетелдіктердің асыл дінімізді қабылдауына көп жағдайда Исламның жоғары адамгершілік құндылықтары мен толеранттылық принціптері және мұсылмандардың өзара мейірбандығы себеп болады» - дейді Департамент директоры Хамад Шайбани. Оның айтуынша департамент қабырғасының өзінде шетелдіктердің Ислам дінін қабылдауы өте жиі болып тұратын көрінеді.  

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: