#Меркі ауданы: Бас имам ауыл имамдарымен бас қосты

#Меркі ауданы: Бас имам ауыл имамдарымен бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының жаңадан тағайындалған бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданында қызмет атқарып жүрген имам-молдалар кезекті жиналыста бас қосты. Жиында алда атқарылатын іс-шаралар талқыланды. Бас имам діни басқарманың қойылған талабы да, әр имамның жауапкершілігі де жоғары екендігіне тоқтала келіп, жұмысын жақсы атқарған имамдарға алғыс айтты.

Іс-шараға ауыл имам-молдалары мен ішкі саясат бөлімінің қызметшісі Мамбетов Ақтөре Сағыналыұлы және әкімшілік тарапынан адамдар қатысты. Елімізде болып жатқан соңғы жағдайларға қатысты сөз қозғады.

Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы ауыл имам-молдаларына облыстан берілген тапсырмаларды түсіндіріп, бірқатар жұмыстар жүктеді. Атап айтсақ: мешіт ауласын таза ұстау, белгіленген жеті бағыт бойынша жұмыс атқару, имам-молдалардың білімін жетілдіру мақсатында ислам институтына екі айлық оқуға бару, қажылық сапарына бару жөніндегі мәселелер, алдымызда келе жатқан «Рамазан» айына дайындық жасау, қызметке үлкен жауапкершілікпен белсенділік танытып жұмыс атқару тапсырылды.

Жиналған имам-молдалар аудан имамының сөзін қолдап, жұмыла бірлесіп жұмыс атқаратындарын айтты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: