«Әбу Ханифа» медресесінің жаңа ғимараты ашылды

«Әбу Ханифа» медресесінің жаңа ғимараты ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Алматыда «Әбу Ханифа» медресесінің жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жетісу ауданының әкімі Талғат Көшенұлы, Алматы қаласы дін істері басқармасының басшысы Нұржан Бейсенбайұлы, дін қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Қазақтың Абай Құнанбайұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев сынды тұлғалары ең әуелі сауатын медреседен ашқан. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ғалым. Бұл медреседен де еліміздің бірлігі мен имандылығына қызмет ететін тұлғалар шығатынына сенемін. Діни мамандарды өз елімізде дайындап, мешіттерге қызметке бөлеміз. Бүгінгі бейбіт заманда медресе ашып, шаттыққа бөленуіміз тәуелсіздігіміздің, татулық пен тұрақтылығымыздың арқасы», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Аудан әкімі Талғат Көшенұлы мінберде сөз сөйлеп, медресе жұмысына сәттілік тілеп, шәкірттерге жан-жақты ілім ала берулеріне тілектестігін білдірді.

Медресе директоры Құлмұхаммед қажы Маханбет сәні мен сәулеті жарасқан ғимараттың бой көтеруіне демеушілік жасаған дін жанашырларына лебізін жеткізіп, алғыс хатпен марапаттады.

Жаңа ғимарат бір мезетте 70-тен астам шәкіртке қызмет көрсете алады. Жатын бөлмелері, асхана, дәрісхана, арнайы үлкен залы, кітапханасы бар. Жалпы аумағы мың шаршы метрден асады.

«Мұнда шәкірттер үшін жағдайдың бәрі жасалған. Тек енді олар оқу керек», – дейді медресе директоры Құлмұхаммед қажы Маханбет.

 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: