Норвегия премьер-министрі Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисін мысалға келтірді

Норвегия премьер-министрі Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисін мысалға келтірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Норвегияның премьер-министрі Эрна Сольберг «Ислам мемлекетін» құрамыз деген радикалшылардың қылығына наразылық ретінде ұйымдастырылған шеру кезінде ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадисін мысалға келтіріп, жұртты таңырқатты. Түрлі этникалық және діни топтардан құралған мыңдаған норвегиялықтардың алдында ел премьері өз наразылығын осылай білдірді.

«Кімде-кім жат істі көрсе қолымен өзгертсін (тоқтатсын), оған шамасы келмесе тілімен өзгертсін (тоқтатсын), оған шамасы келмесе жүрегімен. Бұл – иманның ең әлсізі» деген пайғамбар (с.ғ.с.) хадисін ұтымды қолданған Эрна ИГИШ-тің жасап отырғаны Ислам дініне жат қылық екенін, оны тоқтату керектігін айтты.

Айта кетейік, Осло қаласындағы Парламент үйі алдында болған наразылық шеруіне елдің премьер-министрінен басқа да көптеген саясаткерлер қатысты.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: