«Google» іздеу жүйесі Түркия дін істері басқармасының төрағасы, бізше айтқанда, мүфтиі Мехмет Гөрмезді христиан дінінің қызметкері, яғни «монах» деп шығарған.
Біреу жайында ақпарат іздегенде қызметінен бастап барлығын жайып салатын «Google» іздеу жүйесі «Мехмет Гөрмез кім?» деп түрікше жазса, «монах» деп таныстырады екен. Бұны Түркия бұқаралық ақпарат құралдары «бұл не әдепсіздік?» деп жазуда. Осылайша «Google»-дің тауып беріп отырған бұл «ақпараты» түріктердің шамына тиюде.
islam.kz