Кембридж университетінің ғалымдарының айтуынша, таңғы аста суға пісірілген немесе табада қуырылған жұмыртқаны жеген адамның күні бойы сергек жүретінін анықтады.Әдет болып кеткен таңғы астағы бір шыныаяқ кофеге қарағанда әлдеқайда пайдалы жұмыртқаның сонда не қасиеті бар дейсіз ғой? Өз саласының жілігін шағып, майын ішкен майталман мамандар жұмыртқа құрамындағы протейннің адам ағзасына тигізер әсерін зерттеп, орексиннің түзілуіне себепкер болатынын дәлелдеді. Адам ағзасына сергектік дарытатын нейромедиатор асты жылдам энергияға айналдыра алады екен. Әрі сіңімді әрі пайдалы заттарға бай жұмыртқаның қасиеті осындай көрінеді. Сондай-ақ, етке қарағанда жұмыртқаның қарын шығармайтын қасиеті тағы барын біреу білсе, біреу білмес. Әлемге әйгілі осы жоғары оқу орнымен мақтанатын британиялықтар кезінде жұмыртқаның ауыр тағамдардың қатарына жатқызған болатын. Жұмыртқаға деген көзқарасын өзгерткен британдық зерттеушілер осынау тағам түрінің құрамындағы холестериннің ішек қабаттарында тұрып қалмайтынын, қанға өтпейтінін де анықтады.
islam.kz