#Қордай: Айлық дастарханға Ризабек Батталұлы қонақ болды

#Қордай: Айлық дастарханға Ризабек Батталұлы қонақ болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының жамағаты "Нұр Мүбәрак" Египет ислам университетінің ұстазы, РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлымен жүздесті.

Дәстүрлі "насихат дастарханы" жиыны Қордай ауылы "Рахман" мешітінде өтіп, Алматыдан ат артып келген қонақ "Тозақтағы азаптар" тақырыбында көркем насихат айтып, ақырет күні жайлы қуатты білім берді. 

Көңілдерге орнығып, иманға жігер берген уағыздан соң жамағат дастарханға жайғасып, ас үсті Алланы еске алып, ғибратты әңгіме тыңдауын жалғастырды. 

Көпшілік білікті маманға көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: