"Халал Даму" өкілі шұжық шығару цехтарын аралады

"Халал Даму" өкілі шұжық шығару цехтарын аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халал ас - Алланың әмірі. Әрі бүгінгі таңда осы адал жолмен дайындалатын асқа деген сұраныс күн санап өсіп келеді. 

Осыған орай "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов халал шұжық өнімдерін шығаратын өңірдегі кәсіпорындарды мерзімдік тексеруден өткізуді бастады. 

 Маман "Досматов" ЖК,  "Тим" ЖК,  "Исмаилов" ЖК цехтарына арнайы барып, аралап, азықты дайындау барысына куә болды. 

Қызметкерлеріне адал ас, халал жайында семинар-тренинг жүргізіп, тағамның халал болуында тек малдың адал бауыздалуы ғана емес, дайындалуы да кіретінін баса айтты. 

"Халал Даму" өкілі: "Кәсіпорындардың тазалығы мен өнімдердің дайындалуын стандартқа сәйкес" - дейді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: