Күнәһар ма, жоқ кәпір ме?

Күнәһар ма, жоқ кәпір ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Күнә жасаған мұсылман – кәпір» деп түсінетін харижиттердің бір-екі адамы имам Ағзамға келіп: «Мешіттің ауласына бірі араққа сылқия тойып жан тапсырған ер кісі мен зина жасап, кейін жүкті екенін сезгенде, өз-өзіне қол жұмсаған әйел әкелінсе, оларға қандай пәтуа шығарар едің? Сенім тұрғысынан қалай бағалайсың?» – дейді.

– Олар кімдер? Яһудилер ме?

– Жоқ.

– Христиан ба?

– Христиан емес.

– Пұтқа табына ма?

– Жоқ.

– Олар кімдер сонда?

– «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед (ﷺ) оның құлы әрі Елшісі» деген кәдімгі өзіміздің мұсылмандар.

– Кәлима-шәһәдат иманның неше бөлігін құрайды? Үштен бірі, төрттен бірі...

– Үштен бірі де емес, төрттен бірі де емес. Иман – бүтін нәрсе, ол бөлшектенбейді.

– Сонда иманның қаншасы?

– Тұтас иманның өзі.

– Олай болса жауапты өздерің беріп тұрсыңдар емес пе? Олардың мүмін екенін айттыңдар. Хазірет Ибраһим (ғ.с.) бұл екеуінен де үлкен күнә жасаған қауым үшін былай деген: «Маған бағынғандар – менен. Маған қарсы келгендерге Сен өте Кешірімді әрі Рақымдысың...» (14:36). Ибраһим (ғ.с.) дұшпандарының кешірілуін қалағанда, сендерге не жоқ? – дейді. Сонда харижиттер қате түсінікке барғандарын сол мезет түсініп, келген ізімен кері қайтқан екен. ...Құдіреті күшті Алла Тағала Өз мейірімімен жұмыр басты пенделерінің біліп-білмей істеген күнәларын кешіріп, оларға Жұмақты нәсіп етіп жатқанда, қазіргі кездегі кейбір бауырларымыздың «Бұл күнә, сен күнәһарсың», - деп қатаң үкім шығарып жатқандарын көргенде еріксіз «Уа, Алла, осы адамдардың жүрегіне иман ұялатып, хақ жолыңа түсіре гөр» деп дұға жасағаныңды білмей де қаласың...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active