Бір күні сахаба Үбәй ибн Кағб (р.а.) пен хазірет Омар ибн Хаттаб (р.а.) бір мәселеде таласып, қазыға барып жүгінеді. Қазы халифаның келгенін көргенде, орнынан ұшып тұрып орындық ұсынады. Бірақ бұл аңдаусызда Омардың (р.а.) ашуын туғызады:
– Сен төрелігіңді бастамай жатып алдыңа келген адамдарды алаладың. Мен бұл жерге халифа ретінде емес, сенен әділет іздеген қарапайым мұсылман ретінде келіп отырмын. Менің халифалығым бұл жерде есепке алынбауы тиіс!
Омар (р.а.) – осыншалықты әділдікке жіті мән берген жан. Сол үшін де Пайғамбарымыз (ﷺ) оған «Фаруқ» деген лақап ат қойған. ...Әділ, адал адамдардың азайып, әділдік пен адалдық іздеген жандардың
заманында өмір сүре жүріп, Пайғамбарымыз (ﷺ) бен оның сахабалары желбіретіп ұстаған әділдікті аңсайтынымыз өтірік емес қой, ағайын?..
asyldin.kz