Намаз - Раббымыз парыз еткен Исламның рүкіні. Оны орындаған пендесіне Алла Тағала рахметімен Жәннатқа кіргізеді. Пайғамбарымыз: «Жәннәттің кілті - намаз, намаздың кілті - дәрет», - деген. Намаз пенденің жаны мен тәнін рахатқа бөлейтін, екі дүниенің бақытына жетелейтін амал. Сондықтан намаз өткендерге дұға қылу үшін емес, адамның өз басы үшін оқылады. Намаз Алланың әмір еткені оны ерінбей өтеген пендесінің тілек-дұғаларын қабыл етеді, бірақ намаз оқымаса дұға қабыл болмайды деген сөз жоқ, өйткені «дұға – мүміннің қаруы» болып табылады.
Дегенмен де дәретті толықтай алып, намаздан кейін сұраған дұға нұр үстіне нұр болар еді. Мұсылман баласы кез-келген қажетін Алладан сұрауы керек. «Адамнан сұраған сайын жеккөрінішті боласың, ал Алладан сұраған сайын Ол сені жақсы көре түседі» деген сөз бекер айтылмаса керек.
asyldin.kz