Тәуелсіздік тұғыры

Тәуелсіздік тұғыры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бисмиллаһ рахман рахим қымбатты халайық!

  Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 30 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке  күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

         Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты  саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. 

   Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанды құрметтеу баршамыздың басты борышымыз.

 Қазаққа осынау ұлан ғайыр жерді ешкімде сыйға тартқан жоқ. Бәріде ата –бабаларымыздың елім деп жерім деп аянбай тер төгуінің арқасы деп білеміз. Өскелең ұрпаққа Тәуелсіздігіміздің осындай қиын да қилы жолмен келгенін, ұғындыру біздердің басты борышымыз. Ендеше,  әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін! Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

         Еліміз тәуелсіздіктің бесінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі  мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Отанды  қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз  адам – ормансыз  бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу отаны  жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.

         Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Биыл Қазақстан халқының тәуелсіздігін алғанына  30 жыл.  Еліміз Тәуелсіздікке оңай қол жеткізген жоқ. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық. Әр жыл сайын Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні бізде үлкен мейрам, той болып тойланады. Тәуелсіздік күнінде – осы бейбітшіл күнді бізге сыйлап беріп кеткен аға - апаларымызға бас иеміз. Осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буыны аялай білуі  қажет . Бейбіт  күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындарда сүрінбей өту, ең алдымен халқымыздың бірлігі мен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз  біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір  ғана Отанымыз  бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.

         Жер жәннатын алыстан іздеудің қажеті жоқ.Барлық қазына өзіміздің жастарға осындай керемет табиғатымызды танытыпоны қадірлеуге баулып бақытты шетелден іздемеуге тәрбиелеу керек.

Иә, ата-бабам аңсаған осы қасиеті тәуелсіздік мерекесіне орайтілер аналық тілегім.

Ел іргесі сөгілмей, халқымыздың болашағы жарқын, «Мәңгілік ел» болуын Алла тағалам нәсіп естін!

  Үміткүл Мусалиева

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің

«Әжелер алқасы» төрайымы   

asyldin.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: