Кімде-кім бауырының айыбын жасырса...

Кімде-кім бауырының айыбын жасырса...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Әбүл-Хайсам:

– Менің кей көршілерім арақ ішеді. Осыларды ұстап беріп, бір жазалатсам ба екен? – дейді.

Ұқба ибн Амр:

– Қой, олай жасағаның жөн болмас. Одан да оларға насихат айт, – деп ойын білдіреді.

– Қайдан, мені тыңдар емес. Әй, жазалатқан дұрыс-ау... – дейді көршісінің әбес қылығынан жапа шегуші.

– Жоқ, ондайға бармағаның абзал, өйткені мен Алла Елшісінің (ﷺ): «Кімде-кім бауырының айыбын жасырса, тірідей топыраққа көмілген қыз баланы аман алып қалғандай сауапқа кенеледі» дегенін естіп едім, – деген жауаппен сабырға шақырады. ...Жер бетінде ешбір пенде өзін күнәсізбін деп айта алмас, сөзсіз, бұл жерде тақуа жандар айтылып отырған жоқ. Көршісі тұрмақ, туған-туыстарына жала жауып, жасамаған қылмыстарын жасады деп түрмеге қаматып, сотқа шағымданып жүрген жандар қаншама десеңізші? Бар бәлені заманға жауып жүре беретін болдық, ал айналып келгенде, мұның бәрі жүректегі иманымыздың азайғаны не болмаса құрып кеткені емес пе?!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: