Жұмаққа түрегеп кіргім келеді...

Жұмаққа түрегеп кіргім келеді...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әнәс (р.а.) келтірген риуаятта былай баяндалған:

«Бірде Мәдинаның көшелерін басына көтерген әлдебір у-шудан төңірек ел көшкендей азан-қазан болды. «Бұл не шу?» – деп сұраған Айша (р.а.) анамызға төңірегіндегілер: «Абдуррахман ибн Ауфтың (р.а.) Шамнан келген сауда керуені ғой», – деп жауап береді. Керуенде жүк тиеген жүз түйе бар еді.

Айша анамыз (р.а.) сол кезде: «Мен Пайғамбарымыздың (ﷺ): «Абдуррахман ибн Ауфтың (р.а.) Жаннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім» дегенін естіген едім», – дейді. Бұл сөз Абдуррахман ибн Ауфқа (р.а.) жеткенде: «Шамам жетсе, еңбектеп емес, екі аяғыммен адымдап кіргім келеді», – деді де, сауаптарын арттыра түсу ниетімен әлгі керуенді жүктерімен қоса Алла жолына атаған екен». Ал қазіргі жағдай қандай? Сауапқа кенелу үшін Алла жолына жүз түйеміз тұрмақ жағдайы нашар туған-туысымызға не болмаса құдайы көршімізге қорамыздағы көп қойымыздың бірін сойып бере аламыз ба? Негізі, ой салатын оқиға...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: