Таң намазын мешітте оқудың сауабы

Таң намазын мешітте оқудың сауабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Алланың Раббы ретінде, Мұхаммед (оған Алланың салауаты  мен сәлемі болсын) Пайғамбар ретінде, Исламды дін ретінде разы болып қабылдаған мұсылманның маңдайына жазылған бес парыз бар екенін баршамыз білеміз.

         Аллаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ақырет күнін, тағдырға иман келтірген жанға құбылаға бет түзеп, бес уақыт намаз оқу парыз.

         Абылай ханның ақылшысы Бұқар жырау бабамыз: « Бесінші тілек тілеңіз, бес уақытта бес намаз, біреуі  қаза қалмасқа» - деген болатын.  Шариғаттың шеңберінен шықпаған  аталардың ақылың  мақұл көруіміз керек. Тәубе. Тәуелсіздік алғалы бері халқымыздың иманға деген құлшысы күшейіп, намазға деген ниеті дұрысталды. Бес уақыт намазы барлардың қатары көбейіп келеді.

         Ардақты Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уақытында  бірінші құрылыс мешіт болған. Ондағы мақсат бес уақыт намазды сол жерде оқып, Ислам ілімін дамыту еді.  Әрі таң намазы мен құптан намазын мешітте жамағатпен оқуды қатаң тапсырып, әжір сауаптар бар екенін ескерткен тұғын. Осман ибн Аффан (Алла оған разы болсын) былай деп айтады: Мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын естідім:

«Кім, құптан намазын жамағатпен  бірге оқыса, онда ол түннің тең жартысын  құлшылықпен өткізген болады, ал таң намазын жамағатпен оқыса адам   түні бойы құлшылық жасағанмен тең.»

         Сол сияқты Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Таң намазын оқыған адам Алланың  панасында болады және Алла ол үшін еш нәрсе талап етпейді»-деген.

         Біз бүгінгі күні жеделдетіп жететін көлігіміз бола тұра, көшенің шамы сүттей жарық бола тұра, жылы суымыз әзір бола тұра таң намазына барудан қалып бара жатқанымыз ақиқат.  Ал Пайғамбарымыз  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла түнде (қараңғыда) мешітке барған адамның жүзін қиямет күні нұрландырады» -деген. Осы нәрсеге ойланып, мән беруіміз керек.

         Адам өз нәпсісімен ұдай күресте болуы керек. Тәтті ұйқыңды қиып, жылы төсектен тұрып, таң намазына бару ол нәпсіңмен күрес. Жеңе білсек, Жаратушы иеміздің жарылқауына ие боламыз. Жан алқымға келгенге дейін мұсылман мүмкіндіктің бәрін пайдалануы тиіс.

         Қазіргідей барлығы бар  уақытта мешітке барып таң намазын көппен бірге оқи алмау қателік. Соны түзеуге тырысайық. Ерте жатайық. Алла Тағала таң намазына Жұма намазындай жиналуға жазсын.

 Талғат Кәрібайұлы
Шу ауданы, "Төле би" мешітінің бас имамы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: