АҚШ Мемлекеттік департаментінде мұсылман жігіті жұмысқа тағайындалды

АҚШ Мемлекеттік департаментінде мұсылман жігіті жұмысқа тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ-ның мемлекеттік департаментінің мұсылман ұйымдары жұмысына жауапты арнайы өкілі болып техастық Шарик Зафар тағайындалды.

Қазіргі кезде құқыққорғаушы болып қызмет атқаратын Зафар ондаған жылдар бойы федеральды агенттік шыңдауынан өтіп, адам құқықтары мен мұсылман әлемінің түйткілдері бойынша барынша білім жинаған.

«АҚШ үкімет құрамындағы мұсылмандарға қатты сене бермейді», – дейді Зафардың өзі қызметтік тағайындауға қатысты берген сұхбатында.

Жаңа жұмысына кірісіу үшін Зафар Мемлекеттік департаменттің былтырғы жылы ғана ашылған жаңа бөлімшесіне ауысатын болды. Ол жерде оның қарамағында 25 маман жұмыс атқарады.

Жаңа қызметке тағайындалған техастық құқыққорғаушының алдында айтарлықтай жауапты тапсырма күтіп тұр. Олардың ең алғашқысы –мұсылман жамағаты алдында Барак Обама беделін қалпына келтіру. Рамазан айында Ақ үйде жайылған ауызашар дастарханында Израиль елшісі сөз сөйлеп, іле-шала Обаманың оны жақтағанын мұсылман жамағаты әлі ұмыта қойған жоқ.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: