Мұсылман жігіті алты адамды өрттен құтқарды

Мұсылман жігіті алты адамды өрттен құтқарды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алты адам өрттен құтқарған мұсылман жігіті апат орын алған жерге жиналғандардың қылығына әлі қайран. Өрт құшағына оранған үйдегілерге көмек көрсетудің орнына, оқиға орнын камераға түсіріп жатқандардың бұл әрекетін еш түсіне алар емес.

Әңгіме таратып айтар болсақ, такси болып қызмет атқаратын 29 жасар Рахман сол күні Лондон маңайындағы Вуд Грин ауданында келе жатып, жалындаған от пен қаумалаған адамдарды көріп қалады. Көлігінен түсе салып, көмекке ұмтылған Рахман оқиға орнында өзінен бұрын жиналған жиырма шақты жанның тек қана камераға түсіріп тұрғандарын көріп, алғашқы жәрдем беруге кірісіп кетеді.

Бір жағынан өрт сөндірушілерге хабарласа жүріп Рахман астыңғы қабатта орнадласқан дүкеннен сатыны алып шығып, жоғары қабаттағыларға жол ашады. Терезеден айғайлап, көмек сұрағандардың қолында кішкентай бүлдіршіндері мен одан сәл ересектеу балалары болған көрінеді.

Осылайша, өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп жеткенше Рахман оларды саты арқылы аман-есен жерге түсіріп, өрттен аман алып қалады. Тілсіз жаудың тұтқынынаайнала жаздаған олар болгарлықтар екен.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: