Мысыр еліне саудиялық саяхатшылардың соңғы жеті айда көптеп келгені анықталып отыр. Былтырғы жылғы мәліметтермен салыстарар болсақ, саудиялық саяхатшылардың саны 21 пайызға артқан. Бұл жайында «Египеттің туристтік ассоциациясы» хабар таратты.
Аталмыш ұйым келтірген мәліметтер бойынша, биылғы Мысырда 135 000 корольдік азаматы демалысын өткізген. Ал, шілде айының көрсеткіші мүлдем керемет, былтырғы жылмен салыстырғанда 268,5 пайызға өскен. Былтырғы шілде айында пирамидалар еліне 29 323 саудиялық қана келген екен.
Мысырға келушілер арасында екінші орынды кувейттіктер иеленге көрінеді. Жалпы алғанда, Мысырға саяхаттаушылар арасында араб елдерінен келетіндердің үлес салмағы айтарлықтай өсіп келеді. Мысалға, тек шілде айының өзінде ел аумағына 130 670 000 туристтер келіп, тынныққан көрінеді.
muslim.kz