#Т.Рысқұлов: Дін – тәрбиенің рухани тірегі

#Т.Рысқұлов: Дін – тәрбиенің рухани тірегі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша дін саласындағы арнайы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері теолог Нұрлан Төленді мен аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншарип қажының қатысуымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында аудандық пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өтті.

Бас имам сөзінде: «Хақ дініміздің дұрыстығына деген сенімге, тіршілікте оның асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білуге баулу, білімдерін тереңдету, студенттерді мейірімділікке, имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, діни терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды қазақ халқының діни ұстанымы мен салт-дәстүрлерін қастерлеп, сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға атсалысу керектігін баса айтты.

Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: