Жұмаққа кірудің 26 амалы (жалғасы)

Жұмаққа кірудің 26 амалы (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

14. Кімде-кім жиі «Субханалла әл-Азым уа бихамдихи» деп айтса, соған Жұмақтан құрма ағашы отырғызылады;

15. Кімде-кім өлерінде тәкаппарлықтан, өкпе-реніштен және қарыздан ада болса;

16. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім екі қыз тәрбиелеп-өсірсе, мен де, ол да Жұмаққа кіреміз».

17. Кімде-кім 12 жыл бойы азан шақыратын болса, соған Жұмақ міндетті болады;

18. Кімде-кім Алладан үш мәрте Жұмақты сұрар болса, Жұмақтың өзі: «Уа, Алла, оны Жұмаққа кіргіз», - дейтін болады;

19. Кімде-кім Алла разылығы үшін науқасты немесе бауырын зиярат етер болса, оған періште: «Алла саған Жұмақтан құрметті орын нәсіп етсін», - деп дұға жасайды;

20. Ақиқатында, шыншылдық тақуалыққа, ал тақуалық Жұмаққа апарады;

21. Кімде-кім Алла жолында әрі Оның Сөзін дәріптеуде тер төгер болса;

22. Әй, адамдар, бейбіт өмірді көздеңдер, аштарды тамақтандырыңдар, өзгелер ұйықтап жатқанда намаз оқыңдар Жұмаққа кіресіңдер;

23. Алдыңғы және соңғы ұмраның арасындағы күнә кешіріледі, өйткені ұмраның өтелуі күнәнің кешірілуі болып табылады, ал Алла қабыл еткен қажылықтың сыйы – Жұмақ;

24. Алла Тағаланың тоқсан тоғыз көркем есімін жатқа білген адам Жұмаққа кіреді;

25. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Мұсылмандардың жолына кедергі келтірген ағашты алып тастағаны үшін Жұмаққа кіріп, оның игіліктерін пайдаланып жүрген адамды көрдім».

26. Хадисте былай айтылған: «Егер адам осы дұғаны күндіз оқып, содан кейін жан тәсілім ететін болса, онда ол Жұмақ мекендеушілерінен болады. Егер түнде оқып, содан соң бақилық болса, онда ол Жұмақтық болады: «Уа, Алла, Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайық құдай жоқ, мені Сен жараттың, бұл дүние жаратылмай тұрып Сенімен адамдардың жаны жасасқан келісімді сақтаймыны, өзім жасаған зұлымдықтан Саған сиынамын. Өзім үшін ең жақсыны сұраймын әрі күнәларымды мойындаймын, ақиқатында, Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмайды».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: