Нидерланды полициялары Құран мен Пайғамбар өмір баянын оқуға міндеттелді

Нидерланды полициялары Құран мен Пайғамбар өмір баянын оқуға міндеттелді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Амстердам қаласының полициясы исламофобиямен тәртіп сақшыларының діни сауатын арттыру арқылы күресуді қолға алмақшы. Ол үшін полиция қызметкерлеріне қасиетті Құранды оқытуды міндеттемек. Жергілікті полиция баспасөз хатшысы Эби ван дер Ландтың сөзіне қарағанда, тәртіп сақшыларының қасиетті Құран кітабын жарты бағасына сатып алуына жағдай жасалған. Ал жарты бағасын ел билігі өз мойнына алып отыр. Сондай-ақ, полиция қызметкерлеріне пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өмірбаяны да қоса оқытылады. Бұл шара 2004 жылы Тео Ван Гогтың атышулы «Бағыну» атты фильмінен кейін ислам дінінің шынайы бейнесін таныту мақсатында қолға алынып отырған тұңғыш қадам. Ислам дінінің әйелдерге қатысты ұстанымы бұрмаланған фильм авторы мароккалық Мұхаммед Буйеридің қолынан қаза тапқан болатын. Міне, осы қанды оқиғадан кейін елдің ислам жайындағы жаңсақ ұғымына тойтарыс беру мәселесі голландықтардың бас ауруына айналған еді.  Бұдан бөлек 2008 жылдың наурыз айының 27-і күні голландықтардың ультраоңшыл саясаткері Гирт Вилдерстің ғаламторда «Фитна» деп аталатын исламға қарсы бейнежазбасы пайда болғанын айта кету керек. Ел билігі оның бұл қадамын құптай қойған жоқ, дінаралық араздықты қоздырғаны үшін айыптап, оның бұл әрекетін сынға алған болатын. Осы айда полиция карикатурашы діни араздықты қоздыратын сурет салғаны үшін Грегориуса Некшоттаның қолына кісен салды.

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: