Тегі пәкістандық Лондон тұрғыны қасиетті Құран мәтіндерін каллиграфиялық көшіруге он бес жылын сарп еткен екен. Қасиетті Құран мәтінін көшірумен айналысқан мұсылман әйел осылайша өмірдің қиындықтарын еңсеріп, Жаратқанға бір табан болса да, жақындай түсуді ниет еткен. Фарханда Перваиз Лондон мегаполисіне 1992 жылы келген көрінеді. Бірнеше жылдан кейін арқа сүйер жұбайы қайтыс болып, үш баламен қалады. Өмірден тарыққан, торыққан сәттерінде ол қасиетті Құранды оқып, жаны жай табады. Тек оқып қана қоймай, өз қолымен көшіруге кіріседі. Аяқтаған жұмысын өзінің бөлмесінде сақтап отыр. Оның салмағы 20 келі тартады.
islam.kz