Сирияда қаза болғандардың саны жарияланды

Сирияда қаза болғандардың саны жарияланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сириядағы азаматтық соғыстан опат болғандардың саны туралы мәліметті жариялады. Дәлірегі, БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы азаматтық соғыс басталған 2011 жылдан бастап 2014 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта қанша адамның қаза тапқаны жайында деректі жайып салды. Ұзын саны 191 369 адамды құрайтынын алға тартқанымен қаза тапқандардың қарасы бұдан да әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дамаскі қаласында – 40 мыңғы жуық; Алеппода – 31 мың; Хомста – 28 мың; Идлибте – 20 мың; Дераада – 18 мың; Хамада – 14,7 мың адам опат болған. Аталмыш басқарманың ресми мәліметіне қарағанда, қаза тапқандардың дені ер адамдар –  85,1%; әйелдер арасында бұл ккөрсеткіш 9,3%-ды құрайды. Көктей солған балалардың қарасы 8,8 мыңнан асып жығылады. Олардың 2165-і он жасқа тола қоймаған бүлдіршіндер. Баяндамада қаза тапқандардың 83 пайызының жасы тіркелмеген. Қаза тапқан балалардың саны бұл көрсеткіштен әлдеқайда көп болуы мүмкін. Сарапшылар өз есебінде бес бірдей ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенген. Соның ішінде, ел билігі мен құқық қорғау ұйымдары ұсынған ақпаратты да пайдаланған.

islam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: