Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Қарақат ауылының мәдениет үйінде Мәуліт кеші өтті. Бұл кешті ауданның бас имамы Сұлтаншарип қажы мен Қарақат ауылдық «Сүлеймен ата» мешітінің имамы Барменов Азамат ұйымдастырды.
Іс-шараға арнайы Алматы қаласынан халыққа танымал Батырбек имам қонаққа келіп, әсерлі уағыздары мен өлеңдерін арнады. Имамды халық тапжылмай отырып сүйсіне тыңдады. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінен әртістер келіп ой саларлық діни қойылымдар қойды. Және кеште діни әндер айтылды.
Мәулітті «Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуаныш Құран оқып бастады, ал, «Әл-Хақ» мешітінің имамы Сабырханов Үмбет мәуліт жырын араб тілінде оқыды. Ауданның бас имамы арнайы Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі жайында уағыз-насихат айтты. Мәулітке қатысушыларға аудандық мешіт атынан сыйлыққа кітапшалар таратылды.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі