Ұғып алу маңызды, бір де бір истихара туралы хадисте түс туралы ешнәрсе де айтылмайды; тіпті истихараны ұйықтар алдында орындау керек деген кеңес жоқ. Ең көп дегенде, кейбір ұлы тақуалардың истихараны ұйқыға жатар алдында орындағандарын айтуға болады. Сондықтан да, истихараны орындап ұйықтаған адамның түсі, кез-келген басқа түс сияқты қарастырылады. Барлық түстер 3 санаттың біреуіне жатады, сол сияқты бұл түс те біреуіне жататын болады. Түстің 3 түрі туралы келесі хадисте айтылған.
Бұхари имам, Мүслім және басқалары Әбу Хурайрдан (р.а.) келтірген хадис, онда Алла Елшісі (ﷺ) түстің үш түрі бар деп айтады. Олар:
1. «Бушра мин Алла» – Алладан келген ізгі хабар, яғни аян беретін (хақ) түс. Оларды тағы «мубашшират» деп те атайды.
2. «Тахуиф аш-шайтан» – сайтанның қорқыныштары, яғни үрейлі түс. Сондай-ақ, оларды «васавису-ш-шайтан» (сайтанның күбірлеуі) және «тахзину-ш-шайтан» (сайтан иландырған құмар тілек).
3. «Хадису-н-нафс» – ойдан шығарылғандар, қиял-арманнан туған түс.
Хадисте тақуа мұсылмандардың түстері – әшейінде аян беретін түстер деп аталған. Басқа хадисте былай айтылған: «Ең дұрыс түстер – таң атып келе жатқанда көретін түстерің».
Намаз оқу міндетті ме?
Кейбір хадистерде екі рәкағат намаз оқу туралы айтылады, ал басқаларында истихараның алдындағы намаз туралы ештеме де айтылмайды. Жабирден (р.а.) жеткен хадис негізінде, истихара алдындағы екі рәкағат намаз туралы айтылады, ʼАйни истихара алдындағы екі рәкағат – бұл Сүннет деп тұжырымдайды.
Ескерту:
Истихара – мустахабб, ал екі рәкағатты оқу – бұл истихараның Сүннеті.
Негізінде, Әбу Айюб әл-Ансариден (р.а.) жеткен хадисте былай айтылды:
ثم صل ما كتب الله لك
«Сосын Алла қанша рәкағат бұйырса, сонша орында», – бұл екі рәкағат емес, төрт, алты және одан да көп орындалса одан да жақсы болатындығын көрсетеді.
Әбу Айюб әл-Ансаридің (р.а.) хадисінде тиянақты түрде дәрет алып, дұға алдында Алла Тағаланы мадақтау туралы да айтылған. Алайда көптеген хадистерде намаз туралы айтылмағандықтан, истихара жасалды деп есептелінеді, егер адам тек дұғаны ғана оқыса, әсіресе намаз оқуға жағдай болмаған кездерде. Сондай-ақ, истихара дұғасын кез келген парыз намаздарынан соң оқуға рұқсат етілген.
asyldin.kz