ӨЗГЕНІ ӨЗІҢНЕН АРТЫҚ КӨРУ

ӨЗГЕНІ ӨЗІҢНЕН АРТЫҚ КӨРУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тіршілігі мен құлшылығы қатар жүретін бұл өмірде жақсылығы мен жамандығыда қатар жүретіндігі белгілі.  Адам баласы өмір сүру жолын өз қалауымен өткізуді қаласа онда көптеген зияндарға ұшырап, жамандық есігін шайтанға ашып беруі мүмкін, себебі шайтанның басты мақсаты адам баласын күнә атаулымен достастырып, азғындықтың жолына түсіру ғана. Ібілістен бөлек адамның жүрегінің төрінде жайғасқан, адамды мейлінше күнәға итермелейтін «уәс-уәсә» - сы тағы бар (күнәні адамға жақсы деп бағыт беретің қылдай бір жаратылыс). Бойымызда осындай азғырушылар билеп жүргенде қалайша адам баласы өз қалау бағытыммен өмір сүремін деп айта алады.

Құдайдың алдында адамды құрдымға кетіртетін амалдардың бірі ол өзін өзгеден жоғары қоюуы, себебі адам баласы Құдай берген мал-мүлік пен жеткен жетістіктерін өз күш қайратым және мықтылығымның арқасында жеттім деуі, Алланың саған берген денсаулығы мен берекетін  ұмыттым деуі.

Қасиетті құранда Алла Тағала былай дейді: « Сондай – ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Әлде біреу сараңдықтан сақтанса, міне солар - құтылушылар» - деп, адам баласы қандай жағдайда болмасын өзгені жоғары бағалап жүруі өзі үшін тиімді екенін аңғартады.

Бұл дүниенің пайдасынан ақыреттің пайдасын көбірек қалайтын құл үнемі ішкі жан тәрбиесіне мән беріп жүреді, бұл амалы жалған дүниеде ғана қажет болған тәкаппарлықтың жаман жолынан тосқауыл болады. Құдай Тағала да өзін өзгеден төмен санайтын адамды және өзі қалаған жақсылықтарды  өзгеге де қалайтын адамдарды жақсы көретіні ақиқат.

Р.Еспенбетов

Мойынқұм ауданының бас имамы

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: