Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауданға қарасты 10 мешітке арнайы 3 күндік іс-сапармен барып қайтқан болатын. Аудан имамы «Әбдіхайым» мешіті, «Тұрғани» мешіті, «Айша-бибі» мешіті, «Бектөбе» мешіті, «Бесағаш» мешіті, «Түрксіб» мешіті, «Қапал» мешіті, «Үшкемпір қажы» мешіті, «Тоқберген ата» мешіті, «Айдарбек ата» мешіттерінде болды. Мешіт жамағаттарымен кездесіп, уағыз айтып, қойылған сұрақтарына жауап берілді.
Арнайы іс-сапармен келген бас имам мешіттердің жылу жүйелерін тексеріп, тиісінше қажетті тапсырмаларды берді. Мешітке келген жамағатпен жақсы қарым-қатынаста болу керектігін басты назарды ұстау керектігін ескерткен ауданның бас имамы ауыл имамдарына атқарып жатқан жұмыстарына береке мен тыныштық тіледі.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

