Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінің имамы Тәжібаев Қыдырбай мен мешіт алқа мүшесі Болат Әбдіқұлұлы мешітте ілім алып жатқан жас шәкірттерді Жамбыл облысы орталық «Һибатулла Тарази» мешітін аралатты, сонымен қатар мешіт жанындағы медресеге арнайы алып келген болатын.
Ауылдың жас шәкірттері медресенің тынысымен танысып, ұстаздардың уағызына қаңық болып қайтты. Медресе директоры Сәкен Сейдикаримов шәкірттерге дін жолында ілімдерін арттырып, білімді азамат болуға шақырып, өз алғысын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

