Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансар жұма намазына келген жамағатқа «Жиһадтың шын мәні» деген тақырыпта кеңінен уағыз айтты.
Негізінен, "жиһад" сөзінің мағынасы өте ауқымды. Әуелі "жиһад" сөзінің тілдік мағынасын айтар болсақ: белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге тырысу, сол жолда күресу, бар қажыр-қайратын, ынта-жігерін, уақытын, дәулетін, тіпті жанын да сол мақсатқа жетуге арнау деген ұғымды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы: Адамзат баласының Жаратушысы Хақ Тағаланы дұрыс танып-білуіне, Оның бұйырғандары мен тыйымдарын орындауына, яғни дінді еркін түрде толық ұстануға кедергі болатын тосқауылдары барынша әрі мүмкіндігінше жою деген сөз. Өз нәпсіңмен күресу де жиһадқа жатады.
Ауыл имамының уағызын мұқият тыңдап болған мешіт жамағаты, сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алып жатты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

