Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Мәртебелі шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян елдегі барша мұсылмандарды жауын-шашынға байланысты дұғаға қатысуға шақырды. Біріккен Араб Әмірліктерінің барлық мешіттерінде 2021 жылдың 12 қарашасы, жұма күні «Салат әл-Истисқаа» деп аталатын жалпыұлттық намаз оқылады. Шейх Халифа барша мүміндерді жұма намазының басталуына 10 минут қалғанда Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннетіне сәйкес жер бетіне жаңбыр жаусын деп Аллаға бет бұруға шақырды.
Мұсылмандарға Алладан елге немесе оның халқына жаңбыр, мейірім мен молшылық жіберуін сұрауды тапсырды. Салат әл-Истисқа намазы әдетте БАӘ-де бірнеше жылда бір рет оқылады және Парсы шығанағындағы шөлді басқан елдерде сирек емес.
Өткен жылдың желтоқсан айында БАӘ президенті халыққа осындай өтініш жасаған болатын. Ресми намазға Президент немесе оны алмастыратын шенеуніктердің бірі қатысады.
asyldin.kz