Кенияның Ламу қаласында Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күніне арналған Мәуліт-ән-Наби фестивалі өтуде. Шараға 6000 қонақ келеді деп күтілуде. Мәуліт Шығыс Африканың жағалау аймақтарындағы ең көне мешіттердің бірі Эр-Рияд мешітінде өтеді. Оған Марокко, Комор, Танзания және Уганда елдерінен мәртебелі меймандар қатысады деп хабарланды.
Бұған дейін Алла Елшісінің (ﷺ) туған күніне орай ұйымдастырылған шараға 20-30 мың қонақ келген. Биыл COVID-19 жағдайына байланысты келушілер саны шектеулі.
Фестиваль күндерінде Ламу тұрғындары мен қонақтары тегін медициналық лагерьлердің мүмкіндіктерін де пайдалана алады. Қызметтер онкологиялық ауруларды тегін скринингтен, катаракта операциясынан және қан қысымын тексеруден тұрады.
Мәуліт-ән-Наби фестивалінің шарықтау шегі 4 қараша, бейсенбі күні өтеді. Мереке аясында жарыстар, футбол жарысы, желкенді жүзу жарысы, ислам каллиграфиясының көрмесі және шеру өтеді.
asyldin.kz