Өзбекстан билігі аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты әйелдерге пәтер береді. Бұл мақсат үшін құрылыс компаниялары 220 миллиард сум (20,5 миллион доллардан астам) алдын ала төлем алады. Президент Шавкат Мирзиеев аз қамтылған отбасыларды қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Өзбекстан билігі аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты әйелдерге арналған жаңа тұрғын үй кешендерінен 1000 пәтер сатып алады, деп хабарлады республика президенті. Мұқтаждарды баспанамен қамтамасыз ету үшін Мирзиеев республиканың әр өңірінде «Янги Өзбекстан» тұрғын алабының құрылысын бастауды тапсырды. Олар кешенді даму принципі бойынша салынуы керек: олардың әрқайсысында бір мезгілде өндірістік нысандар, сервистік және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады.
Құрылыс министрлігіне облыс әкімдерімен бірлесе отырып, әр облыстағы жер телімдерін анықтап, құрылыстың бас жоспарын әзірлеу тапсырылды. 2022 жылы Қарақалпақстанда және облыстарда осындай 40 заманауи тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда, ал алдағы 5 жылда 250 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
asyldin.kz