#Жамбыл: Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы

#Жамбыл: Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылына арнайы іс-сапармен барған ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «Бесағаш» мешітінде Мәуліт мейрамына арнайылып  өткізілген «Адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы» атты іс-шараға қонақ болып қайтты.

Игі іс-шараға ауданның бас имам және ауыл имамдары мен  ақсақалдары, мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары қатысты. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылды. Бесағаш мешітінің шәкірттері қойылым қойып, жүрек тебірентті. Хазірет Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлықтан бұрынғы және кейінгі өмір деректеріндегі таңқаларлықтай үлгілі ғұмыры, Құранды күллі адамзат қауымы үшін Ұлы Жаратушы түсіргендігін айғақтайды.

Умми пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  екі дүниені шарлаған мұндай теңдессіз білімге ие болуының кілті – тек Алланың қалау екені ізгі жүректі пендені иландырмай қоймайды. Алла оны күллі әлемге рағым етіп жіберген. Ол тұп-тұнық Хақ рақымын паш етті. Ол бейне сахарадағы мөп-мөлдір бұлақ, кәусар хауыз секілді. Өткізілген іс-шара соңында  аудан имамы ауыл мешіттің күрделі жөнделуіне  атсалысқан мектеп бітіруші әр жылғы түлектерге алғыс хат берді. Сонымен қатар, ауыл қарияларына шапан жабылды, және ауыл мешітінде 25 жыл бойына азан шақырып келіп келе жатқан Сатыбалдыұлы Самиғулла атаға алғыс берілді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: