Жамбыл ауданы Бесағаш ауылының кітапханасында ауыл тұрғындарымен дөңгелек үстел өтті. «Бесағаш» ауылының имамы Керимов Айтжан кездесуде «Дін мен дәстүр» және мейірімділік жөнінде уағыз айтты.
"Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бойында біздер үшін қажетті болған көркем сипаттар мен үлгі-өнеге өте көп. Солардың негізгілерінің бірі-мейірімділік. Мұсылман адам отбасында, достық-туыстық қарым-қатынаста, жалпы барлық адамдармен қарым-қатынаста өте мейірімді болуы керек. Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз: «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса,сол «шын адам» болады»,-деген. Алла Тағала біздердің де әр ісіміз мейірімділіктің аясында болуын нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!" - дедім имам өз сөзінде.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


08 Ноябрь 2025
17 Джумада-авваль 1447

