#Шу: Кітапханада кездесу өтті

#Шу: Кітапханада кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі жастар елдің ертеңгі болашағы. Оны тәрбиелеп, өнеге көрсетіп, жөн сілтеп, жол көрсету аға буынның асыл міндеті. Сонда салтымыз сабақтасып, дәстүріміз дәріптеледі.

Аптаның   ортасында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  «Білім» орталығында «Дін және замануи қоғам» тақырыбында кездесу өткен болатын. Іс-шараға  «Төле  би» мешітінің бас имамы Талғат Сейткереев шақырылып,  тақырыпқа орай салихалы басқосу болды.  Талғат Кәрібайұлы кездесуге қатысып отырған  Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның жоғарғы сынып оқушыларына   қазіргі кезеңдегі діни ахуалдың қалыптасуы, жат ағымдардың  қоғамға кері әсері, ұрпақтың ұлтжанды  болуы, дін мен  тілді құрметтеу туралы терең түсінік беріп, олардың діни сауаттарының артуына сеп болды. 

Жиын соңында  аталған кітапхана директоры Б.Алжанбаева  рухани әңгіме өрбітіп, өрісті кеңейткені үшін Т.Кәрібайұлына риясыз рақметін айтып, ісіне табыс тіледі.

Байжан ЕМБЕРДІ,

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: